Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлық белгілері бар": Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растап отыр.

Ведомство мәліметінше, оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болған.

"Сағат 21.41-де Брусиловский көшесіндегі құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974926-zorlyq-belgileri-bar-oralda-salynyp-zatqan-qurylys-nysanynan-er-adamnyn-murdesi-tabyldy/

pixel