Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 маусым күні сағат 11.51-де Сырым ауданы аумағында болған.

Самара-Шымкент тасжолының 360-шақырымында Жымпиты ауылынан 30 шақырым жерде Оралға тауар тиеп келе жатқан Scania жүк көлігі отқа оранған.

"1957 жылғы жүргізуші айдаған автокөлік пен тұрмыстық техника тиелген тіркемесінен түк қалмай жанып кетті. Жүргізушінің сөзіне қарағанда, тіркемеге 15-16 тоннадай жүк (теледидар, кондиоционер және басқа тұрмыстық техникалар) тиелген.

Өрт сөндірушілер жалынды екінші тіркемеге жібермеді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде тауардың иесі, өрттен келген шығын көлемі анықталу үстінде", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1974940-batys-qazaqstanda-turmystyq-texnika-tielgen-zuk-koligi-zanyp-ketti/

pixel