Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде 37 жастағы ер адам Ертіс өзеніне батып кетті

Опубликовано:

Ертіске ер адам батып кетті
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Семейде 37 жастағы ер адам Ертіс өзеніне батып кетті. Ол жабдықталмаған жерде суға түскен, деп хабарлайды ШҚО ТЖД ресми сайты.

Ведомсвто дерегінше, оқиға 20 маусымда Ертіс өзенінде болған. 1985 жылы туған ер адам жабдықталмаған жерде суға батып кеткен.

ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оның денесін 21 маусым күні сағат 10:57-де судан 40 метр қашықтықта, шамамен 5 метр тереңдікте тапты.

Құтқарушылар атап өткендей, су қоймасындағы бұл аумақта терең шұңқырлар көп болған және қауіпсіздік шараларына сай келмеген. ТЖ қызметкерлері осы учаскеде полициямен бірлесіп тұрақты негізде рейд жүргізеді.

"Рейд нәтижесі бойынша спирттік ішімдіктер ішкені үшін 440-бап бойынша 3 әкімшілік материал және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы бойынша ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 10 хаттама толтырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД азаматтардан құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайлы қарамауды және көмекке құтқарушылар мен дәрігерлер жедел келетін жабдықталған жағажайларды ғана таңдауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975123-semeide-37-zastagy-er-adam-ertis-ozenine-batyp-ketti/

pixel