Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да дауылдан кен орнының шатыры қирады (видео)

Опубликовано:

Дауыл
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында күшті жел жұрттың дегбірін қашырды. Жауын аралас дауыл Қарашығанақ кен орнының астаң-кестеңін шығарған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна дерегінше, ауа райы 20 маусым күні түсткен кейін бұзыла бастаған. Алдымен нөсер жауын жауып, артынша екпінді жел тұрған. Жергілікті халық мұндайды соңғы он жылдықта көрмедік деп шошып отыр.

Дауыл кезінде тұрғындар көшеге шыға алмай, үйлерінде қамалуға мәжбүр болған. Дүлей жел кен орнындағы бір қабатты ғимаратты шатырсыз қалдырып, ұялы байланыс операторының биік бағанасын да құлатқан. Кен орнындағы жұмысшылар дауылды таспалап та үлгерген екен.

Қазір келтірілген шығын есептелуде. Ал ТЖД өкілдері күн райының тағы да бұзылатынын ескертіп отыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975145-bqo-da-dauyldan-ken-ornynyn-satyry-qirady-video/

pixel