Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да көлде жоғалып кеткен баланы іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды (видео)

Опубликовано:

Құтқарушы
Фото: instagram.com/batysqaz_tjd

Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде жоғалып кеткен баланы іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметінше, бүгін, 24 маусымда сағат таңғы 5-те Шалқар көлінде жоғалып кеткен 2013 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары қайта жанданған.

Іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды. Сондай-ақ оқиға орнында жеке құрамның 21 қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар еріктілер де іздестіру жұмыстарына атсалысуда.

Еске сала кетсек, 22 маусым күні үрлемелі матрасқа отырған 8 жасар баланы жел Шалқар көлінің ортасына қарай ұшырып әкеткен болатын. Баланы құтқармақ болған атасы суға түскен. Алайда екеуі де жоғалып кеткен еді.

Ал 23 маусым күні немересінің соңынан көлге түскен 64 жастағы ер адамның аман-есен табылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975563-bqo-da-kolde-zogalyp-ketken-balany-izdestiru-zumystaryna-tikusaq-tartyldy-video/

pixel