Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда әйелдің басына ағаш құлап кетті

Опубликовано:

Әйелдің басына ағаш құлады
Фото: ekaraganda.kz

22 маусымда Қарағандыдағы Мұқанов көшесіндегі үй ауласында әйелдің басына қураған ағаш құлап кетті. Куәгерлердің айтуынша, зардап шегуші ұзақ уақыт ес-түзсіз жатқан. Оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады ekaraganda.kz.

"Мұқанов көшесінде орналасқан біздің үйіміздің ауласында қайғылы жағдай болды. Өтіп бара жатқан әйелдің үстіне қураған ағаш құлады. Ол ұзақ уақыт, жедел жәрдем келгенге дейін ес-түссіз жатты", - дейді аула тұрғындары.

Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілген. Сондай-ақ ағаш подъезд алдына қойылған көлікке де зақым келтірген. Қарағанды облысының полиция департаменті аталған фактінің тіркелгенін хабарлады.

"22 маусымда сағат 16:15 шамасында Мұқанов көшесіндегі №24 үйдің ауласында қураған ағаш Mercedes көлігі мен 48 жастағы қала тұрғынының басына құлап кетті. Салдарынан әйел медициналық көмекке жүгінді. Көлікке механикалық зақым келді. Полиция аталған фактіні тіркеді", - деді ведомтсводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975566-qaragandyda-aieldin-basyna-agas-qulap-ketti/

pixel