Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жағалаудағы екі әйелдің арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды

Опубликовано:

Әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда жағалауда демалып жүрген екі әйелдің арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство дерегінше, Усолка өзені жағалауындағы жанжал 25 маусым күні болған. Балаларымен демалып жатқан келіншекке жанында отырған адамдардың әрекеті жақпай қалған.

"Жағалауда балаларымен отырған әйел жанында отырғандарға ескерту жасаған. Олар сыра ішіп, балағат сөздер айтқан. Осылайша, екі әйелдің арасында кикілжің туындап, жәбірленуші кесілген жарақат алған", - деді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшылары Павлодар тұрғыны қарсыласын пышақтағанын анықтады. Қазір 26 жастағы қызға қатысты "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975820-pavlodarda-zagalaudagy-eki-aieldin-arasyndagy-zanzal-pysaqtasumen-ayaqtaldy/

pixel