Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде суға батып кете жаздаған ер адам жазаланды

Опубликовано:

Суға батып кете жаздаған ер адам жазаланды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Өскеменде суға батып кете жаздаған ер адам жазаланды. Ол рұқсат етілмеген жерде шомылғаны үшін ескерту алды, деп хабарлайды ШҚО ПД өз Instagram парақшасында.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, куәгерлер сағат 14.10 шамасында Ертіс өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды байқап, бірден құтқарушыларға қоңырау шалған. ШҚО ТЖД қызметкерлері моторлы қайықпен оқиға орнына жедел аттанған.

"Суда соңғы күшін жинап, тырмысып жатқан 1988 жылы туған ер адам жағадан 3-4 метр қашықтықта болған. Құтқарушылар оны судан шығарып, құтқару станциясына жеткізді. Ер адамның тоңғаны соншалық, тіпті, сөйлей алмады. ТЖ қызметкерлері зардап шегушіге жылы шай беріп, көрпеге орап қойды.

Келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамды тексеріп оған медициналық көмек қажет емес екенін жеткізді", - деп жазылған ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, ер адам "Восточник-1" бау-бақша серіктестігі ауданында рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ол шомылған кезде оны қатты су ағысы алып кеткен.

Ер адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы бойынша белгіленбеген жерде суға түскені үшін ескерту жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976429-oskemende-suga-batyp-kete-zazdagan-er-adam-zazalandy/

pixel