Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жүк көлігі аударылып, ерлі-зайыпты көз жұмды (видео)

Опубликовано:

жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/karaganda_vkurse

Қарағанды облысында DAF маркалы ауыр жүк көлігі жолдан шығып кетіп аударылған, салдарынан 61 жастағы ер адам мен оның әйелі қаза тапты. Жол апаты Балқаш-Сарышаған тас жолында болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы 30 маусым күні сағат 15.45-те Сарышаған ауылының маңында болған. Балқаш қаласынан келе жатқан DAF көлігінің 61 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол шетіне аударылып кеткен.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 57 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты. Аталған фактіні полиция тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды ​​облысында екі көліктің соқтығысуы салдарынан екі жүргізуші қаза тапқаны хабарланған болатын. Сонымен қатар жеті бала мен үш ересек адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976546-qaragandy-oblysynda-zuk-koligi-audarylyp-erli-zaiypty-koz-zumdy-video/

pixel