Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жұмысшы биіктіктен терең бункерге құлап кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында жас жігіт цехта слесарлық жұмыстар кезінде терең бункерге құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство ақпаратынша, жазатайым оқиға 29 маусым сағат 23:15-те павлодарлық компаниялардың бірінің цехында болған.

31 жастағы жұмысшы слесарлық жұмыстар кезінде тереңдігі 5 метрге жуық бункерге құлап кеткен. Ер адам түрлі жарақатпен Павлодар ауруханасына жеткізілді.

Бұл фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда "Құрылысмет" ЖШС ("АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны) мастер-пресс цехының жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінде отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлаған еді.

Жөндеу цехының 5 жұмысшысы үйінді астында қалды. Оның төртеуі көз жұмып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Қазір цех консервацияланған, онда ешқандай жұмыс жүргізуге болмайды. Инженерлік инфрақұрылымға кіруге де тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976575-pavlodarda-zumyssy-biiktikten-teren-bunkerge-qulap-ketti/

pixel