Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жабдықталмаған саябақта 8 жасар баланы тоқ соқты

Опубликовано:

тоқ
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген баланы тоқ соқты. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқушы ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

"Тоққа түсіп қалған 2014 жылы туған бала жедел жәрдем бригадасымен орталық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оқушыға алғашқы көмек көрсетіп, бірден күйік бөліміне жатқызды. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Протокол бойынша ем алып жатыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Басылымның мәліметінше, оқыс оқиға Алатау ауданында болған. Сегіз жасар бала жабдықталмаған саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген кезде тоқ соққан.

Алатау ауданының әкімдігіндегілер бүгінгі таңда ойын алаңқайын салу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

"Саябақты "Бюджетке қатысу" бағдарламасы бойынша жаңартуды қарастырып жатырмыз. Талап бойынша, комиссия қарап шешім қабылдауы керек. Содан кейін, тұрғындар ойын алаңын салу жобасына дауыс беретін болады", - дейді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Ертіс Бесіров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976626-almatyda-zabdyqtalmagan-sayabaqta-8-zasar-balany-toq-soqty/

pixel