Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жолда келе жатқан КамАЗ өртенді

Опубликовано:

КамАЗ
Көрнекі фото: Pavlodarnews.kz

Ақтөбеде жолда келе жатқан КамАЗ өртенді. Жүргізуші өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенше өртенген көлікті тоқтатпаған, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Төтенше жағдай сенбі, 2 шілдеде болған.

"КамАЗ" шанағында қосалқы бөлшектер жанған. Жүргізуші көлік толығымен өртке оранбас үшін оны тоқтатпауға шешім қабылдаған. Кирпичное елді мекеніне дейін жетті. Бізге жүк көлігі Ақжар көпірі арқылы өтіп бара жатқанда хабарлама келіп түсті. Бұл сағат 16:19-да болды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел түрде 7 қызметкер мен өрт сөндіру көлігі жіберілген. Өрт сөндірушілерді көрген жүргізуші көлікті тоқтатқан. Сағат 16:38-де өрт сөндірілді. Жүргізуші аман, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976740-aqtobede-zolda-kele-zatqan-kamaz-ortendi/

pixel