Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабай тауларында аяғын сындырып алған әйел құтқарылды

Опубликовано:

Әйелді құтқару
Фото: Instagram/aqmola_tjd

Бурабай ауданындағы Орлиное гнездо тауында аяғы сынған 53 жастағы әйел құтқарылды. Құтқарушылар зардап шегушіні таудан түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, 53 жастағы әйел Бурабай ауданындағы Орлиное гнездо тауында құлап, аяғын сындырып алған.

"Щучинск қаласынан келген 2 ересек және 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Өкінішке қарай, 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алды", – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнына Щучинск қаласының құтқарушылары аттанды.

Олар әйелді биіктігі 400 метр және ұзындығы 2 км болатын таудан зембілмен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976747-burabai-taularynda-ayagyn-syndyryp-algan-aiel-qutqaryldy/

pixel