Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасының ажал құшқан сәтін көрген": Павлодар облысындағы тұрғын үйден 46 жастағы әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Павлодар облысында 22 жастағы күдікті ұсталды
Полиция. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Береговое ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан 46 жастағы әйел - сол үйдің иесі. Ал 48 жастағы ер адам әйелмен көңіл жарастырып жүрген жергілікті тұрғын екені анықталған.

Сұмдық оқиға кезінде марқұм әйелдің кәмелетке толмаған баласы үйде болған. Бірақ ол жасырынып, аман қалыпты. Полиция аталған іске байланысты күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Екі бірдей адамның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады", - деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1976946-anasynyn-azal-qusqan-satin-korgen-pavlodar-oblysyndagy-turgyn-uiden-46-zastagy-aieldin-denesi-tabyldy/

pixel