Шымкентте 6 жасар бала бассейнге құлап мерт болды
Опубликовано:

Шымкентте 6 жасар бала жекеменшік бассейнге құлап, батып кетті. Қайғылы жағдай 4 шілдеде болған. Бұл туралы қалалық ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, құтқару қызметіне хабарлама 4 шілде күні сағат 16:37-де келіп түскен.
Анықталғандай, 2016 жылы туған бала ата-анасымен бірге бассейнге шомылуға келген. Бірнеше уақытқа қараусыз қалған ол абайсызда суға құлап, батып кеткен.
Шымкент ТЖД ақпаратынша, 6 жасар бала құтқару шеңберімен шомылған. Алайда бүлдіршінге ол да көмектеспеген.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.
Оқиға орнына Қаратау ауданы ТЖБ екі қызметкері барған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жыл басынан бері 116 адамның суға батып кеткенін хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977001-symkentte-6-zasar-bala-basseinge-qulap-mert-boldy/