Атырауда Теңіз кен орнында жарылыс болды, қаза тапқандар бар (видео)
Опубликовано:

Атыраудағы Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жарылыс 6 шілде күні таңертеңгі 09:55 шамасында Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз қалашығында болған. Құбыр жарылып, салдарынан 37 жастағы екі қызметкер қаза тапты.
"Жарылыс салдарынан 1985 жылғы екі қызметкер қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3 бөлімімен тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады полиция департаменті kaz.nur.kz тілшісіне.
"Теңізшевройл" компаниясы аталған факт бойынша хабарлама дайындауда.
Ескерту: +18. Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!
Автор: Әйгерім Сайқын
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977178-atyraudagy-teniz-ken-ornyndagy-zarylystan-eki-adam-qaitys-boldy-video/