Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жолаушылар мінген әуе шары жерге құлады (видео)

Опубликовано:

әуе шары
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда Астана күнін тойлау қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Қатты желдің салдарынан әуе шары жолаушыларымен бірге құлаған. Қуанышқа орай, құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Astanovka98 Telegram арнасы жариялады. Оқиға "Керуен" сауда орталығының маңында болғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "ҚазАқпарат" агенттігіне мәлім еткендей, әуе шарының күмбезі жерге қонар кезде қатты желдің салдарынан қисайған.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға бойынша 112 қызметіне ақпарат түскен жоқ", - деп пікір білдірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін 6 шілдеде дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті. Құтқарушылар азаматтардан абай болуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977234-nur-sultanda-zolausylar-mingen-aue-sary-zerge-qulady-video/

pixel