Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 17 жастағы бозбаланы тепловоз қағып кетті

Опубликовано:

темір жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда 17 жастағы бозбаланы тепловоз қағып, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау темір жол станциясындағы желілік полиция бөлімінің ақпарат агенттігіне хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 шілдеде сағат 17:00 шамасында болған.

Жергілікті колледждің студенті жолды қысқарту үшін "Қара депо" шағын ауданындағы теміржолды кесіп өтпек болған.

Жасөспірімді "Ақжайық-Теңдік" теміржол өткелінде тепловоз қағып кеткен. Машинистің айтуынша, теміржол бойында келе жатқан адамды байқаған. Алайда тежегішті басқанымен, тепловозды тоқтатып үлгермеген.

"Қазір аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан темір жол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды", - деп хабарлаған агенттікке көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977485-atyrauda-17-zastagy-bozbalany-teplovoz-qagyp-ketti/

pixel