Ақтөбе облысында 6 жасар бала өзенге батып кетті
Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы Тамды өзеніне алты жасар ер бала батып кетті. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті Facebook парақшасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 10 шілде кұні Алға ауданы Есет батыр ауылындағы Тамды өзенінде болған.
Бұл жер шомылуға арналмаған. Салдарынан ата-анасының қарауынсыз қалған 6 жасар ер бала суға батып кеткен.
"Құтқарушылар 2016 жылы туған баланың денесін 2,5 метр тереңдіктегі судан шығарып алды", - делінген Ақтөбе облысы ТЖД хабарламасында.
Еске сала кетсек, 4 шілде күні Шымкентте 6 жасар бала жекеменшік бассейнге құлап, батып кеткенін жазған едік.
Шымкент ТЖД ақпаратынша, 6 жасар бала құтқару шеңберімен шомылған. Алайда бүлдіршінге ол да көмектеспеген.
Айта кетсек, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жыл басынан бері 116 адамның суға батып кеткенін хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977876-aqtobe-oblysynda-6-zasar-bala-ozenge-batyp-ketti/