Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып қалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып қалды. Бұл ақпаратты "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство 11 шілде күні сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл - Құсмұрын учаскесіндегі Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болғанын жеткізді.

Куәгерлердің айтуынша, "Жигули" маркалы жеңіл көлік жүргізушісі тоқтап тұрған көліктерді айналып өтіп, темір жолға шыққан.

Бұл кезде жүк пойызының келе жатқаны белгілі болды.

"Апаттан зардап шеккендер бар. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Пойыз сағатына 57 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977931-qostanai-oblysynda-poiyz-ben-zenil-kolik-soqtygysyp-qaldy/

pixel