Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған желдеткішті сүртпек болған жұмысшы қолынан айырылды

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысының Жолымбет кентіндегі "Алтын Алмас" акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүртпек болған жұмысшы абайсызда қолынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның мәліметінше, биылғы жылғы шілденің 9-да Шортанды аудандық полициясының кезекші бөліміне жергілікті ауруханаға Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны "сол қолының травматикалық ампутациясы" диагнозымен жеткізілгені туралы хабар түскен.

"Ер адамның Жолымбет кентіндегі "Алтын Алмас" акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүрту кезінде жарақат алғаны анықталды. Осыған байланысты полиция тарапынан тексеріс жүргізілуде", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында жас жігіт цехта слесарлық жұмыстар кезінде терең бункерге құлап кеткенін жазған едік. Түрлі жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1977965-aqmola-oblysynda-zumys-istep-turgan-zeldetkisti-surtpek-bolgan-zumyssy-qolynan-aiyryldy/