Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да аңшы орманда жидек теріп жүрген әйелді атып жіберген

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйел оққа ұшты. 52 жастағы тұрғынды аң аулауға шыққан азамат байқамай атып жіберген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, полицияға оқ тиіп көз жұмған әйелдің денесі жеткізілгенін Жамбыл аудандық ауруханасының дәрігерлері хабарлаған. Оның қандай жағдайда мерт болғанын басты күдіктінің өзі айтып берген.

65 жастағы азамат сол күні орманға аң аулауға шыққан. Ағаштардың арасында жидек теріп жүрген әйелді елік деп ойлап қалған көрінеді. Сондықтан көздеп тұрып, шүріппені баса салған.

Алайда аңшы қылмыс жасағанын кеш түсінген. Жүгіріп барғанда жаралы әйелді көрген. Бірден полицияға хабарлапты. Бірақ марқұм ауруханаға жетпей көз жұмды. Ал, күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған. Сонымен қатар жедел іздестіру шаралары атқарылуда. Соның барлығының нәтижесімен күдіктінің іс-әрекетіне баға берілетін болады. Қалған қылмыстық іс бойынша басқа да толық ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабының тәртіптеріне сай жариялануға жатпайды", - деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978342-sqo-da-ansy-ormanda-zidek-terip-zurgen-aieldi-atyp-zibergen/

pixel