Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 8 жасар қыз бала зорланды

Опубликовано:

қонжық
Көрнекі фото: pixabay.com

13 шілдеде күндізгі уақытта Петропавл қаласынның "Подгора" ауданында 8 жастағы қыз бала зорланған. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен қауіпсіздігі ең төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды СҚО прокуратурасы ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, күдікке ілінген 27 жастағы ер адам Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғыны. Ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталып, Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы қауіпсіздігі ең төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан.

Күдікті қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеден қауіпсіздігі ең төмен мекемеге Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы қаулысымен ауыстырылған.

Ольшанка ауылына келгеннен кейін ол ҚР Еңбек кодексінің және ҚР ҚАК талаптарына сәйкес әр түрлі жұмысшы ретінде жұмысқа орналасқан.

Прокуратураның дерегінше, қазіргі таңда күдікті ұсталып, Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар ведомство аталған факті бойынша Петропавл қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша (жас балаға қатысты зорлау дерегі) қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Іс облыс прокуратурасының ерекше бақылауында", - деп қосты ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978492-petropavlda-8-zasar-qyz-bala-zorlandy/

pixel