Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 10 жасар бала дәретханаға құлап кеткен кішкентай қызды құтқарып алды

Опубликовано:

Әлихан
Әлихан. Фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматы маңында мектеп оқушысы дәретханаға құлап кеткен кішкентай қыз баланы құтқарып қалды. 10 жасар баланың батылдығының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 14 шілде күні Қарасай ауданы Іргелі ауылында 10 жасар бала сағат шамамен 9:40 шамасында көршінің 3 жасар қызын даладағы дәретханадан шығарып алған.

Белгілі болғандай, әкесі мен ұлы қыздың анасынан баланың дәретханаға құлап кеткенін естіген. Сол кезде екеуі де көмекке ұмтылған. Бастапқыда ер адам қызды өзі алып шықпақ болған, алайда бұл мүкін болмапты.

"Сол кезде кішкентай тесікке өзі ғана сыятынын түсінген 10 жасар Әлихан дәретханаға түскен. Баласын арқанмен байлаған ер адам ұлын түсіріп, алдымен қызды, содан кейін баласын шығарып алған", - деді Алматы облысы ТЖД.

Ведомствоның мәлімдеуінше, балалар улы будан уланып қалулары мүмкін еді. Бірақ мектеп оқушысының батыл іс-әрекетінің арқасында оларға медициналық көмек қажет болмапты.

"Батырға ерлік көрсеткені және баланың өмірін сақтап қалғаны үшін ведомстволық награда беріледі", - деді Төтенше жағдайлар департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978719-almaty-oblysynda-10-zasar-bala-daretxanaga-qulap-ketken-kiskentai-qyzdy-qutqaryp-aldy/

pixel