Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Қаза тапқандар бар

Опубликовано:

Жол апаты85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Оның бірі 10 жасар бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін сағат 15.00 шамасында Абай қаласынан 1 шақырым жерде болды.

39 жастағы Mercedes-Benz Sprinte көлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласынан шғып бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Avensis және Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Соның салдарынан Mercedes-Benz Sprinte көлігінің жүргізушісі және Toyota Avensis көлігінің 10 жасар жолаушысы оқиға орынында қаза тапқан.

Ведомство өкілдері екі көліктің жолаушыларының ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалардың тағайындалғаны белгілі болды.

Осы орайда Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978774-qaragandy-oblysynda-zantursigerlik-zol-apaty-boldy-qaza-tapqandar-bar/

pixel