Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында газ құю бекеттерінің бірінде жарылыс болды (фото, видео)

Опубликовано:

Жарылыс
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

17 шілдеде кешке Ақтөбе облысы Алға қаласындағы газ құю бекеттерінің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД Instagram парақшасында.

Абай көшесіндегі газ құю бекетінде вагон цистернасының жарылғаны туралы хабарлама кезекшіге жексенбі күні сағат 18:50-де түскен.

Шақырту орнына ТЖД 26 адамы мен 7 техникасы шыққан.

Анықталғандай, көлемі 46 шаршы метрлік цистерна жарылған. Нәтижесінде Toyota Camry маркалы көлік пен тиегіш автотехника жанып кеткен.

Сонымен қатар аумағы 22 шаршы метрді құрайтын жанар-жағармай құю станциясының әкімшілік ғимараты қирап, артынан өртенген.

ТЖД күшімен қалған 2 тиегіш техника мен көлемі 54 және 10 текше метр болатын 2 цистерна құтқарылды.

Өрт сағат 19:44-те ауыздықталып, 20:02-де толықтай сөндірілген. ТЖД ақпаратынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978895-aqtobe-oblysynda-gaz-quyu-beketterinin-birinde-zarylys-boldy-foto-video/

pixel