Оралда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты (фото)
Опубликовано:

Оралдағы айналма тас жолда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 8 адам қаза тапты. Оның екеуі бала, деп жазады "Мой город".
Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Константин Непекиннің айтуынша, тас жолда Nissan және Lada жеңіл көліктері соқтығысқан. Бір көлікте тек жүргізуші ғана болса, екіншісінде 5 ересек адам мен екі бала отырған.
"Nissan жүргізушісі басып озу кезінде қарама-қарсы беттегі жолаққа шығып, Lada-мен соқтығысқан. Оқиға орнында бес адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді", – деді ол.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, ауруханаға Nissan жүргізушісі, сондай-ақ Lada көлігіндегі 10 және 13 жасaр екі бала түскен. Олар медициналық мекемеде ес жимай көз жұмған.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978898-oralda-zantursigerlik-zol-apatynan-8-adam-qaza-tapty-foto/