Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда атыс болып, бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысындағы Талғар ауданында атыс болып, бір адам мерт болды. Ол ауруханада қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 18 шілде күні Талғар ауданында 8 жергілікті тұрғынның арасында кикілжің туындаған.

"Олар қару қолданған. Салдарынан түрлі дене жарақатымен екі ер адам ауруханаға түсіп, оның біреуі сол жерде көз жұмды. Қазір барлық адамдар анықталып, ұсталды. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 103, 293-баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр", - деп хабардар етті Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиғаға қатысқан адамдар бір-біріне таныс болып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақсай қаласында үйінің кірберісінен басынан оқ жарақатын алған кәсіпкердің денесі табылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979222-talgarda-atys-bolyp-bir-adam-koz-zumdy/

pixel