Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда журналист соққыға жығылды

Опубликовано:

тілші
Көрнекі фото: pixabay.com

19 шілде күні Атырауда өз үйінің жанында журналист соққыға жығылды. Бұл туралы "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ресми сайтында хабарлады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті де пікір білдірді.

Қордың мәліметінше, ақпараттық порталдардың бірінің тілшісі үйінен шыққан уақытта оған белгісіз жігіт жақындап келіп көмек сұраған, содан кейін бетінен қатты ұрған.

Онымен қоймай жерге құлаған әйелді тепкілей бастаған.

Журналисті оқиға орнынан кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам құтқарып қалған.

Компьютерлік томографиядан кейін БАҚ өкілінің мұрны сынғаны анықталған. Ол полицияға арызданған.

Қордың дерегінше, оқиғаға дейін бірнеше күн бұрын БАҚ қызметкері белгісіз нөмірден хабарлама алған. Онда журналистке жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен оның қожайынынан "абай болу керектігі" жазылған.

Атырау облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979353-atyrauda-zurnalist-soqqyga-zygyldy/

pixel