Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

Опубликовано:

жедел жәрдем
Фото: instagram.com/qostanai.media

Арқалық-Торғай тасжолында жол апаты болып, салдарынан фельдшер қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын Қостанай облысының полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жол апаты 19 шілдеде шамамен сағат 22.30 болған.

Chevrolet Niva жүргізушісі далалық жолымен жүріп келе жатып, маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен, екінші жолдан басты жолға шығып кетіп, Жангелдин орталық аудандық ауруханасының санитарлық арнайы автокөлігі "УАЗ"-бен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "УАЗ" автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатын алған, ал көлікте болған фельдшер ауруханада көз жұмған.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сараптамадан кейін Chevrolet Niva көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталған.

"Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің абайсызда адам өліміне әкеп соққан, мас күйдегі жол қозғалысы ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979391-qostanai-oblysynda-zol-apatynan-zedel-zardem-qyzmetkeri-qaza-tapty/

pixel