Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында жас жігіт тізгіндеген көлік жылқылармен соқтығысып, 4 адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысында жол апатынан 21 жастағы жігіт көз жұмып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол апаты бүгін, 20 шілдеде таңғы сағат 04.20 шамасында "Омбы-Майқапшағай" тасжолында болған.

21 жастағы жүргізуші тізгіндеген Toyota Crown маркалы көлігі жол үстінде жылқылармен соқтығысқан.

Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Ал салонда болған төрт жолаушы (арасында бір жасар сәби бар) ауруханаға жеткізілген. Олар түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қазір жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сондай-ақ бірқатар сот сараптамасы тағайындалған.

"Оның қорытындысы бойынша, іс жүргізу шешімі қабылданатын болады", - дейді құзырлы органнан.

Айта кетейік, бұған дейін Төле би ауданынан Шымкентке қарай келе жатқан көліктің алдынан жылқылар жүгіріп шығып, салдарынан бір адам қаза тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979403-abai-oblysynda-21-zastagy-zigit-tizgindegen-kolik-zylqylarmen-soqtygysyp-5-adam-auruxanaga-tusti/

pixel