Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында өріске мал айдап шыққан ер адамға найзағай түсті

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі сурет: pixabay.com

24 шілдеде таңғы уақытта Ембі тұрғыны найзағай соққысынан зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша 41 жастағы ер адам мал бағып жүрген, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ТЖД ресми Facebook парақшасында.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 24 шілдеде таңғы 8:35 шамасында Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Мұғалжар ауданы Ембі қаласы Әйтеке би көшесі "Үшқатты" сайының маңында ер адамға найзағай түскендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.

Зардап шеккен адам оқиға орнынан Ембі аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты екені хабарланды.

Алдын ала дерек бойынша 1981 жылғы ер адам малды өріске айдап бара жатқан.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жағдайы туралы мәлімет берген.

Ер адамның оң қолын, кеудесін, ішін және оң аяғын күйік шалған. Денесінің 15 пайызы күйген. Жалпы алғанда, жағдайы тұрақты, орташа ауыр деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980031-aqtobe-oblysynda-oriske-mal-aidap-syqqan-er-adamga-naizagai-tusti/

pixel