Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясындағы өрттен 4 адам зардап шекті (фото)
Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясында өрт болып, алдын ала ақпарат бойынша салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
ТЖД-ның мәліметінше, 101 пультіне өрт туралы хабарлама 25 шілде күні сағат 22-05-те келіп түскен.
Хабарламада Қобда көшесі, 6 мекенжайында өрт болып жатқаны айтылған. Дереу оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жіберілген.

Келген бойда өрт сөндірушілер бір қабатты ғимараттың өртенуін және екі қабатты ангардың шатыры, сондай-ақ газ толтыру станциясында газдың лаулап жанып жатқанын анықтаған.

Оқиға орнында бірден өрт сөндіру штабы құрылып, өрт сөндіру учаскелері ұйымдастырылған.

Жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпарат бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен.
ТЖД өрт сөндірушілер сағат 00.05-те өртті ауыздықтағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980141-nur-sultanda-gaz-toltyru-stanciyasyndagy-ortten-4-adam-zardap-sekti-foto/