Атырауда пәтерден ерлі-зайыптылардың денесі табылды
Жарияланған күні:
Атырау қаласының Авангард ықшам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптылардың денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 25 шілде күні сағат 19:30 шамасында Атырау қаласының тұрғыны 1992 жылы туған қызының пәтер есігін ашпай жатқаны туралы полицияға хабарлаған.
"Аталған хабарлама бойынша мекенжайға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жетіп есікті ашып, пәтер ішінен 1992 жылы туған әйел мен 1996 жылы туған ер адамның мүрдесін тапты. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен тергеу жүргізілуде", - делінген құзырлы органның баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар ведомствоның баспасөз хатшысы қайтыс болған азаматтардың ерлі-зайыптылар екені анықталғанын атап өтті.
Олардың 4 балалары бар. Аталған пәтерді 1992 жылы туған азаматша бір ай бұрын жалға алған.
Матераил авторы: Әйгерім Сайқын
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980218-atyrauda-zaldamaly-paterden-erli-zaiyptylardyn-denesi-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.