Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жол апатынан Ресей азаматшасы көз жұмды

Опубликовано:

Оқиға
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Toyota Corolla және Toyota Land Cruiser көліктерінің қатысуымен жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, қайғылы жағдай Челябі-Новосібір тасжолының 645-шақырымында болды.

Ресейлік отбасы мінген Toyota Corolla көлігі қозғалыстың қарсы бағытына шығып кеткен Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Оның жүргізушісі мас күйде болған.

Toyota Corolla жолаушысы - Ресей Федерациясының азаматшасы оқиға орнында қаза тапты. Ал оның 7 жасар ұлы ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта жол талғамайтын көліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980241-sqo-da-zol-apatynan-resei-azamatsasy-koz-zumdy/