Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әйелімен бірге қайтыс болған азаматқа қатысты тың дерек белгілі болды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі сурет: pixabay.com

25 шілде күні Атырауда ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылған болатын. Қайтыс болған азаматқа қатысты тың дерек белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үй иесі - 31 жастағы ер адам осыған дейін Құрманғазы ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне марқұмның таныстары хабарлады.

"Өте жақсы жігіт еді... Суыт хабарды естіп, абдырап қалдық. Тойларда асаба болғанын да көрдік. Кейін Құрманғазы аудандық жастар саясаты бөлімінде, әкімдікте қызмет етті",- дейді Құрманғазы ауданының тұрғыны.

Марқұмның әкім кеңесшісі болып қызмет еткенін Құрманғазы аудандық әкімдігі де растады.

Еске сала кетейік, 25 шілде күні Атыраудағы "Авангард" ықшам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылған.

Қайғылы оқиға сағат 19:30 шамасында болған. Атырау облыстық полиция депатарменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігі бойынша тергеу жүргізуде.

Марқұмдардың артында 4 баласы қалды.

Материал авторы: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980285-atyrauda-aielimen-birge-qaitys-bolgan-azamatqa-qatysty-tyn-derek-belgili-boldy/

pixel