Бір адам көз жұмды: Ақтөбеде шөп тиелген жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды
Опубликовано:

Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser Prado мен жүк көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан жол талғамайтын көліктің жолаушысы қаза тапты. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 25 шілде күні сағат 23.00-де 32 жастағы Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі Ақтөбе-Астрахан тас жолының 242-шақырымында "ГАЗ" көлігімен соқтығысқан.
Нәтижесінде жол талғамайтын көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Тағы екі адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 26 шілдеге қараған түні Қызылорда облысындағы тас жолда бес адамның өмірін қиған жол апаты болғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980287-bir-adam-koz-zumdy-aqtobede-sop-tielgen-zuk-koliginin-qatysuymen-zol-apaty-boldy/