Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үстіне кран құлап кетті": Алматыда құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

Опубликовано:

құрылыс нысаны
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда тұрғын үй құрылысы аумағында қайғылы оқиға тірлкеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінесілтеме жасап.

Жетісу-3 шағын ауданындағы құрылыс алаңында жұмысшының қаза тапқаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі топтарда жарияланды.

Полиция қайғылы оқиғаның кеше болғанын растап отыр.

"26 шілде күні 17:42-те тұрғын үй құрылысының аумағында кран слесарьдың үстіне құлап, салдарынан 1989 жылы туған жұмысшы оқиға орнында қаза тапты", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп толықтырды полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980336-ustine-kran-qulap-ketti-almatyda-qurylys-alanynda-zumyssy-qaza-tapty/

pixel