Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты (видео)

Опубликовано:

өрт
Видеодан кадр: Instagram/kris.p.almata

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Керемет" шағынауданынан түсірілген видео Instagram-дағы kris.p.almata парақшасында пайда болды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің берген мәліметінше, өрт сөндірушілер "Керемет" шағынауданы, 32 мекенжайында жұмыс істеген.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 10 қабатты тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан жылдам тағам дайындау ас үйі өртеніп жатты. Өрттен шыққан түтін жоғарғы қабаттардағы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Тұрғындарды құтқару және эвакуациялау үшін өрт сөндіру сатысы қойылды", - делінген хабарламада.

Өрт 10:58 шамасында толық сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980421-almatyda-turgyn-ui-keseninen-ort-syqty-video/

pixel