Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусынан өрт шықты (фото)
Опубликовано:

Елордалық өрт сөндірушілер көше ортасында жанып жатқан маршруттық автобусты сөндірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
ТЖД-ның мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшесіне бүгін сағат 14:45 кезінде Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінің қиылысындағы автобустың жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқанын анықтаған.

Мамандар жергілікті уақыт бойынша 14.58-де өртті толықтай сөндірген. Бұл жайттан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының 5 адамы және 1 техникасы жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980471-nur-sultanda-kose-ortasynda-zanyp-zatqan-avtobus-sondirildi-foto/