Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тоғаннан ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

өзен13
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда Терренкур тоғанынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеуді бастаған.

"Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматтың кім екені анықталды. Ол 1963 жылы туған. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді ол.

Айта кетсек, су бетінде қалқыған адамның денесін сол маңайда демалып жүрген тұрғындар байқап, видеоға түсіріп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980489-almatyda-togannan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel