Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар маңында үш көлік соқтығысып, 8 адам зардап шекті

Опубликовано:

жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Павлодар маңында жол апатынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 27 шілде күні Кенжекөл - Павлодар тасжолында JAC маркалы автобус пен "ВАЗ" маркалы көлік соқтығысып, Volkswagen көлігіне барып тиген.

Жол апаты салдарынан 8 адам медициналық көмекке жүгінген.

"Медициналық көмекке жүгінген "ВАЗ" және Volkswagen көліктерінің жолаушылары. Автобуста жолаушылар болған жоқ", - дейді полиция департаментінен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, оқиға орнынан ауруханаға 8 адам жеткізілген, олардың ішінде балалар да бар. Ал кейінірек басылым жол апатынан алты айлық бала зардап шеккенін хабарлады.

Алдын ала қойылған диагнозға сүйенсек, оның миы шайқалып, кеуде қуысы көгерген. Сондай-ақ 8 және 10 жастағы тағы екі баланың денесі көгеріп, ісік пайда болған.

"Сонымен қатар ауруханаға 38 жастағы ер адам, 50, 52, 56 және 24 жастағы азаматшалар жеткізілді. Зардап шеккен үш адамның миы шайқалған, жабық бас-сүйек жарақатын алған. Барлық пациенттің жағдайы орташа ауыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусынан өрт шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980547-pavlodar-manynda-us-kolik-soqtygysyp-8-adam-zardap-sekti/

pixel