Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шиеліде қатты желден мектептердің шатыры ұшып кетті

Опубликовано:

Шиелі ауданы
Фото: atpress.kz

Қызылорда облысы Шиелі ауданында ауа райы қолайсыздығынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, қатты желдің әсерінен бірқатар елдімекенде электр жүйесіне зақым келген. Салдарынан электр энергиясымен қамтамасыз ету шектелуде.

"Тиісті сала мамандары тарапынан электр бағанасы мен трансформаторлар қалыпқа келтірілуде. Сондай-ақ, аталған табиғи жағдай салдарынан Бәйгеқұм, Ақтоған ауылдық округіндегі мектептердің, бірқатар жеке сектордағы үйлердің шатыры ұшып кеткен", - деп мәлім етті аудан әкімдігі.

Аудан әкімдігі жанынан осыған байланысты жұмысшы тобы құрылып, тиісті шаралар қабылданған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980992-sielide-qatty-zelden-mektepterdin-satyry-usyp-ketti/

pixel