ШҚО-да жыраға құлаған көлік жүргізушісі мерт болып, 2 жолаушы жарақат алды

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-да 25 жастағы көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, жыраға құлап кетті. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, тағы екі жолаушы жарақат алған, деп хабарлайды Altaynews порталы.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 30 шілде сағат 12:00 шамасында Глубокое ауданындағы автожолдың 10-шы шақырымында болған. 25 жастағы жігіт Toyota Crown маркалы көлікпен Риддер қаласына бара жатқан. Жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ШҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981088-sqo-da-zyraga-qulagan-kolik-zurgizusisi-mert-bolyp-2-zolausy-zaraqat-aldy/