Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Бақанас тасжолында екі адамның өмірін қиған жол апаты болды

Опубликовано:

жол көлік оқиғасы
Оқиға орнынан кадр: instagram.com/gres_big_family

Кеше, 31 шілдеде Алматы облысының Балқаш ауданында екі адамның өмірін қиған жол апаты тіркелді. Өңірдің полиция департаменті бұған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан фотолар Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Кадрдан жеңіл көліктің тасжолдың шетінен шығып кеткенін байқауға болады.

"Жол апаты Балқаш ауданында Бақанас ауылының маңында болған. Lexus RX350 жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмаған және көліктің аударылуына жол берген

Оқиға орнында 1981 және 1982 жылғы екі әйел қаза тапты. Сондай-ақ жол апатынан жүргізуші де жарақат алып, жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Жол көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар татағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тергеу жұмыстары басталды", -деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981123-almaty-baqanas-taszolynda-eki-adamnyn-omirin-qigan-zol-apaty-boldy/

pixel