Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында аудан әкімінің денесін іздеу жұмыстары жалғасуда (фото)

Опубликовано:

құтқарушылар
Оқиға орнынан фото: Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Атырау облысында Жайық өзеніне батып кеткен аудан әкімінің денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство мәліметінше, 31 тамыз күні кешке құтқарушылар балық аулау құралдарымен іздестіру жұмыстарын бастап кеткен.

Бүгін, 1 тамызда 06:10 шамасында сүңгуірлер іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері, 2 жүзу құралы, 2 техника, 10 тәртіп сақшысы мен полицияның 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 10 маман, марқұмның туыстарынан 15 адам жұмылдырылды.

"Кешеден бері іздестіру-құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасуда", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жексенбі, 31 шілде күні Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981211-atyrau-oblysynda-audan-akiminin-denesin-izdeu-zumystary-zalgasuda-foto/

pixel