Алматыда әл-Фараби даңғылында жол апатына түскен мопед жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Опубликовано:

Әлеуметтік желіде мопедтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының кадрлары тарай бастады. Видеодан мопед жүргізушісінің жолдың оң жақ жолағында тұрған көлікке қалай соғылғанын көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бейнежазба Zhest_kz Telegram парақшасында пайда болды. Автордың айтуынша, жол апаты Алматыда болған.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. Камера объективіне түсіп қалған оқиға өткен сенбі, 30 шілде күні әл-Фараби даңғылында болған.
"Мемлекеттік нөмірі жоқ, Қытайда шығарылған мопедті басқарған жүргізуші әл-Фараби даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан Mitsubishi көлігімен соқтығысуға жол берді", - деп түсіндірді полиция бұл жол-көлік оқиғасы туралы.
Оқиға салдарынан мопед жүргізушісі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген.
Тәртіп сақшылары мәліметінше, бұл дерек бойынша материал Бостандық аудандық полиция бөлімінің өндірісінде қаралуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981358-almatyda-al-farabi-dangylynda-zol-apatyna-tusken-moped-zurgizusisi-auruxanaga-zetkizildi/