Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы каналдан жылқы мінген шабандоздың денесі табылды

Опубликовано:

Жылқы мінген шабандоз өлі табылды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Құлжа трактінің маңындағы каналдардың бірінде жылқы мен шабандоздың мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары әзірге бұл фактіні оқыс оқиға ретінде тіркеп, тексеру жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрдан арық суына кептеліп қалған ер адам мен өлі жылқыны көруге болады.

"Құлжа трактісі, Еңбекші, Түңкір бұрылысы. Жылқы мен өлі адамның денесі табылды", – деп түсіндіреді жазба авторы.

Алматы облыстық полициясының хабарлауынша, 1 тамыз күні Талғар ауданындағы Еңбекші ауылының маңында жылқы мінген шабандоздың мәйіті табылған.

"Қаза болған ер адам мал жаюмен айналысқан 53 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Шабандозды жылқымен бірге су ағыны алып кетіп, қайтыс болғаны алдын ала анықталған.

Соған байланысты факті ресми түрде жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Дегенмен, қазір өлімнің барлық мән-жайын мұқият анықтау үшін тексеру шаралары ұйымдастырылды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981404-almaty-oblysyndagy-kanaldan-zylqy-mingen-sabandozdyn-denesi-tabyldy/

pixel