Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда жол апатынан 17 адам қаза тапты

Опубликовано:

Мысырдағы жол апатынан 17 адам қаза тапты
Фото: Muhamed Sabry/РИА Новости

Мысырдың оңтүстігінде автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 17 адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға сәрсенбіге қараған түні Мысырдың оңтүстігіндегі Сохаг провинциясында болған.

"Батыс шөлдегі Джухайна тас жолында шағын автобус көлікпен соқтығысып, 17 адам қаза тауып, төртеуі жараланған", – дейді полицияның баяндамасында.

Ведомство мәліметінше, автобус жүргізушісі басқа көліктерді басып озу үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, мал тиеген жүк көлігімен соқтығысқан.

Бұған дейін Эквадорда автобуспен болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапқан болатын. Оқиға салдарынан тағы 14 жолаушы әр түрлі дәрежедегі жарақат алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981497-mysyrda-zol-apatynan-17-adam-qaza-tapty/

pixel