Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда екі қазақстандық жол апатынан қаза тапты (видео)

Опубликовано:

жол апаты
Видеодан кадр: t.me/koroche_kg

Қырғызстанда Ыстықкөл маңында жеңіл көлік аударылды. Салдарынан екі адам қаза тапты. Белгілі болғандай, көз жұмғандар - Қазақстан азаматтары.

Жол көлік оқиғасы кеше, 2 тамызда сағат 15:20-да Шырпықты және Тору-айғыр ауылдары арасында тіркелді, деп хабарлайды 24.kg.

Ба сылым мәліметінше, Қара-Балтa қаласының тұрғыны 21 жастағы Opel Zafira көлігін басқара алмай, жолдан шығып кеткен.

Салдарынан 1982 және 1966 жылы туған жолаушылар оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар жүргізуші мен тағы бір 21 жастағы жолаушы жарақат алып, Балықшы қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қайғылы жағдайды Ыстықкөл ауданының полиция басқармасы растап отыр. Ведомство сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Sputnik Қырғызстан мәліметінше, қаза тапқандар - Қазақстан азаматтары.

Марқұмдардың Қара-Балтадағы туыстарына барғаны, Ыстықкөлде демалыста болғаны анықталып отыр.

Қайтар жолда Opel көлігінің дөңгелегі жарылған. Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Куәгерлердің сөзінше, машина жолдың шетінде аударылған.

Белгілі болғандай, көлік салонында жеті адам отырған.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981506-qyrgyzstanda-eki-qazaqstandyq-zol-apatynan-qaza-tapty-video/

pixel